Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарына,
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке,
ҚР Ақпарат және байланыс министрі А.Жұмағалиевке
ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевқа (далее…)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарына,
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке,
ҚР Ақпарат және байланыс министрі А.Жұмағалиевке
ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевқа (далее…)
Алтын ұямызбен қоштасқалы кеше ғана, қоштастық ұстаздармен ән айтып, сәт сапар тілеп, құшақтасып түлектермен…Басынан өткен балалығыңның, шыбынсыз жаз секілді жастық шағыңның аяулы белгісі, сан қилы сұлу сезім мен сырдың үнсіз куәсі мектеп, әрине, ыстық. Ия, 25 мамыр…Тіпті, бұл санды, байқап қарасаңыз, 2 мен 5-тен құралған, яғни 2 — ең нашар, 5 — үздік. Сай келгені-ай. «Бұл күн енді қайталанбайды» деп айқаладық та шуладық. Осыменен «анау былай айқалады, ұрандады, бүйтіп жатыр» деп өзге мектептермен де жарысқанбыз. 25 мамыр — соңғы қоңырау. Осы орайда менде кейбір сұрақтар туындаған-ды. Соны ортаға сала отсам… (далее…)
«Жетім көрсең, жебей жүр»
Екі өкпесін қолына алып, оқушы бала сабағына келе жатыр. Таңертеңгі алғашқы қоңыраудың соғылғанына біраз болды. «Өлмегенге өлі балық» демекші, қырсық шалғанда, діттеген кабинет мектеп ғимаратының арғы шетінде. Апыл-ғұпыл келе жатып, үй тапсырмасын ойша қайталап қояды. «Жету жолаушы мұраты», мінеки, керек кабинетке жетті. Есік алдында біраз ішінен күбірлеп тұрды да есік қақты. Күмбірлегенінен, есік қағудағы іс-әрекетінен баланың абыржып, секемденіп, денесін қорқыныш сезімі билегенін байқамауға болмайды. (далее…)
«Ана алдында — құрмет!»
Үй тым-тырс. Көзіме күн сәулесі түсіп тұр. Сағатқа қарасам, түскі бірдің шамасы. Соншама ұйықтағаныма жол болсын. “Сабаққа бармай, ұйықтағаным ба” дей бергенде, есіме түсті: ерте анамның оятқаны, шәй ішіп, қайта жата қалып еркелікке бой бергенім – бәрі есімде. Төсегіме оранып алып, ояу жатқандай сыңай келтіргенде, анамның: “Бармай-ақ қой, дала болса саршұнақ аяз, көктайғақ,”- деп сылтауратқаны шығар, сірә, бұла баласын еркелеткені ғой. Есіме түсті. Еріксіз езу тарттым. (далее…)
Ата-ананың көңілі әрқашан ақ, сәбидің көңілі әрқашан пәк. Баласы анасына әрқашан сәби емес пе?! Олай болса кез келгеніміздің көкірегіміз бала жанды десек те болады. Мереке құтты болсын!