Архив Июнь 2011

    Адамдар неге өтірік айтады?

    Халық ішінде бір жақсы сөз бар: «ешқашан ешқашан деп айтпа». Өмір бізге ешнәрсенің кесіп айтуға келмейтінін үйретті. Кездейсоқтық дегеніміздің заңдылық екенін, заңдылық дегеніміздің кездейсоқтық болып шығатынын да көрсетті. Осы заңдылықтар мен кездейсоқтықтардың арасында жүріп адам бір күні өзінің өтірік айта алатынын да білді. Кездейсоқ білді. Бірақ ол заңдылық еді. Ең ұлы өтіріктер «Мен ешқашан өтірік […]

    Қазақша газет неге қат?

    Көнекөз әжем үйде бірде-бір қазақтілді газет болмаса, сыбағамызды беретін. Міне, айтқанын екі етпес үшін мен газет іздеу “саяхатымды” бастадым. Олай айтуымның себебі қазір отандық басылымдарды газет сату пунктерінен табу қиямет. Себеп – біреу. Сатушылардың сөзіне сенсек, қазақтілді газеттер саудада кіріс әкелмей, өтпей қалады-мыс. Ия, көшеде жүріп келе жатып жан-жағыңызға көз салсаңыз, газет сататын дүңгіршіктерден көп […]

    Ауылдағының аузы сасық

    Жылдағы әдет бойынша, биыл да бас қаланың туған күні жат жұрттықтар сайран салатын думанға айналғалы тұр. Жыл сайын «жаңа жұлдыздарды жағатын» Астана әкім-қараларының әдеті бұлжымайтын дәстүрге айналғандай. Сұрақ туады. Осындай идеяны кім айтып жүр? Қай данышпан алаштың тойы шетелдіксіз өтпесін деп үстелді ұрған? Арам да болса бір ой айтады, Президентке помпезді сөздерін аямайтын, «Астана — […]

    Әр сүрінгеніңді «бақыт» деп біл!

    Кез келген жұмыр басты пенде бақытты болуын қалайды. Бақыт әр жан үшін көкірегінде түрліше түсінікке ие: дәулет, денсаулық, жұмыс табу, кешегі ҰБТ-дан жоғарғы балл алу не жоғарғы оқу орнына түсу. Ия, жақсылықпен қатар жамандық та қатардан қалыспайтыны тағы бар. Сағымыз сынады, көңіліміз сеңдей соғылысады, аяғымыз аспаннан түседі. Бірақ кейде сәтсіздікке ұшырауымыз игі істің бастамасы екенін […]

    Көпті көрген көшенің киесі

    Біреуге мал мен бақты үйіп беріп, Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның; Біреуге Аплатондай білім беріп, Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның… Үйдің жанында отырмын. Күн көлімсіреген көзінен басқа қылығын көрсетпейді. Жер жасыл кілемді жамыла бастаған кез. Шамамен мамыр айы. Сымпылдап ұшып шаңқылдаған, бұтақтан-бұтаққа қонып шатты дауыстарымен сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері, тілдері шыға қоймаған […]

    «Степной маяк» халықтан кешірім сұрасын!

    Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарына, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке, ҚР Ақпарат және байланыс министрі А.Жұмағалиевке ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевқа

    Мәңгілік мектеп немесе удай университет?

    Алтын ұямызбен қоштасқалы кеше ғана, қоштастық ұстаздармен ән айтып, сәт сапар тілеп, құшақтасып түлектермен…Басынан өткен балалығыңның, шыбынсыз жаз секілді жастық шағыңның аяулы белгісі, сан қилы сұлу сезім мен сырдың үнсіз куәсі мектеп, әрине, ыстық. Ия, 25 мамыр…Тіпті, бұл санды, байқап қарасаңыз, 2 мен 5-тен құралған, яғни 2 — ең нашар, 5 — үздік. Сай келгені-ай. […]

    «Станция самалы» новелласы

    «Жетім көрсең, жебей жүр» Екі өкпесін қолына алып, оқушы бала сабағына келе жатыр. Таңертеңгі алғашқы қоңыраудың соғылғанына біраз болды. «Өлмегенге өлі балық» демекші, қырсық шалғанда, діттеген кабинет мектеп ғимаратының арғы шетінде. Апыл-ғұпыл келе жатып, үй тапсырмасын ойша қайталап қояды. «Жету жолаушы мұраты», мінеки, керек кабинетке жетті. Есік алдында біраз ішінен күбірлеп тұрды да есік қақты. […]

    Өзекті өртеген “өкініш” әңгімесі

    «Ана алдында — құрмет!» Үй тым-тырс. Көзіме күн сәулесі түсіп тұр. Сағатқа қарасам, түскі бірдің шамасы. Соншама ұйықтағаныма жол болсын. “Сабаққа бармай, ұйықтағаным ба” дей бергенде, есіме түсті: ерте анамның оятқаны, шәй ішіп, қайта жата қалып еркелікке бой бергенім – бәрі есімде. Төсегіме оранып алып, ояу жатқандай сыңай келтіргенде, анамның: “Бармай-ақ қой, дала болса саршұнақ […]

    1 мамыр — балаларды қорғау күні!

    Ата-ананың көңілі әрқашан ақ, сәбидің көңілі әрқашан пәк. Баласы анасына әрқашан сәби емес пе?! Олай болса кез келгеніміздің көкірегіміз бала жанды десек те болады. Мереке құтты болсын!

    ҰБТ бәйгесі басталды

    1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) болады. Тест былтырдағыдай, тек айта кететіні тәртіп бұзған талапкер аудиториядан аластатылады. Алдыңғы жылы бұл шешімді Министр өкілдері мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып қабылдайтын-ды, ал биыл бекітілген ережеге сәйкес акт толтырылып Министр өкілдері өздігінен жарлық шығарады.

    Танымай, көзіміз неден ағарды?!

    Бұл 1 мамырда түсірілген сурет. Бір қарағанда, көзге оғаштай болатын ештеңе жоқ. Сайт беті…Қаз қалпында…

    «Будапештті бағындырған…»

    Маусым айының 1-4 жұлдыздары аралығында Венгрия астанасы Будапештте XXVII Халықаралық ғылыми конференция (IFUSCO-2011) болып өтті. Әртүрлі салалар бойынша оқушы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сарапқа салынды, содан жұмысы үздік деп танылып, жүлделі 2-орынды иемденген жерлесіміз Ералы Назерке Каспий мәселесін Еуропаға танытты.

    Шоқтығы биік дүниенің жоқтығы білінбес!

    Домбыра жүрегіммен үндес едің, Өзіңмен сырласымдай тілдесемін… Бабамған қалған мұра сен болмасаң, Өмірдің не екенін білмес едім, — деп қазақтың маңдайына біткен ақыны М.Мақатаев айтқандай, балғадай сақа жұрт қазақ халқының қилы-қилы жыр-дастандары мен сан алуан ән-күйлері бізге, кейінгі ұрпаққа домбыра арқылы жеткен. “Елім дегенде, етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін” кез келген қазақ ұрпағы […]

    Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет!

    Қасиетті 362 әулиелі Маңғыстау деп халық бекерге айтпаса керек. Ия, шындығында сүрінгенде «Бекет» дейтін халық емеспіз бе? Бекет атаны танымайтын адам жоқ десем, ешкім де таң қалмас. Бекет ата Мырзағлұлы – батыр, көріпкел, ағартушы, сәулетші. Кішкентай кезінен білімге ұмтылған, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмде Пақыржан хажыда оқыды. Көпшіліктің бойында бола бермейтін ерекше көріпкелдік қасиетімен адамдарға […]