рубрика Мақалалар

    Құрма жайлы не білеміз ?

    Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы […]

    Адамдар неге өтірік айтады?

    Халық ішінде бір жақсы сөз бар: «ешқашан ешқашан деп айтпа». Өмір бізге ешнәрсенің кесіп айтуға келмейтінін үйретті. Кездейсоқтық дегеніміздің заңдылық екенін, заңдылық дегеніміздің кездейсоқтық болып шығатынын да көрсетті. Осы заңдылықтар мен кездейсоқтықтардың арасында жүріп адам бір күні өзінің өтірік айта алатынын да білді. Кездейсоқ білді. Бірақ ол заңдылық еді. Ең ұлы өтіріктер «Мен ешқашан өтірік […]

    Әр сүрінгеніңді «бақыт» деп біл!

    Кез келген жұмыр басты пенде бақытты болуын қалайды. Бақыт әр жан үшін көкірегінде түрліше түсінікке ие: дәулет, денсаулық, жұмыс табу, кешегі ҰБТ-дан жоғарғы балл алу не жоғарғы оқу орнына түсу. Ия, жақсылықпен қатар жамандық та қатардан қалыспайтыны тағы бар. Сағымыз сынады, көңіліміз сеңдей соғылысады, аяғымыз аспаннан түседі. Бірақ кейде сәтсіздікке ұшырауымыз игі істің бастамасы екенін […]

    Көпті көрген көшенің киесі

    Біреуге мал мен бақты үйіп беріп, Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның; Біреуге Аплатондай білім беріп, Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның… Үйдің жанында отырмын. Күн көлімсіреген көзінен басқа қылығын көрсетпейді. Жер жасыл кілемді жамыла бастаған кез. Шамамен мамыр айы. Сымпылдап ұшып шаңқылдаған, бұтақтан-бұтаққа қонып шатты дауыстарымен сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері, тілдері шыға қоймаған […]

    «Станция самалы» новелласы

    «Жетім көрсең, жебей жүр» Екі өкпесін қолына алып, оқушы бала сабағына келе жатыр. Таңертеңгі алғашқы қоңыраудың соғылғанына біраз болды. «Өлмегенге өлі балық» демекші, қырсық шалғанда, діттеген кабинет мектеп ғимаратының арғы шетінде. Апыл-ғұпыл келе жатып, үй тапсырмасын ойша қайталап қояды. «Жету жолаушы мұраты», мінеки, керек кабинетке жетті. Есік алдында біраз ішінен күбірлеп тұрды да есік қақты. […]

    Өзекті өртеген “өкініш” әңгімесі

    «Ана алдында — құрмет!» Үй тым-тырс. Көзіме күн сәулесі түсіп тұр. Сағатқа қарасам, түскі бірдің шамасы. Соншама ұйықтағаныма жол болсын. “Сабаққа бармай, ұйықтағаным ба” дей бергенде, есіме түсті: ерте анамның оятқаны, шәй ішіп, қайта жата қалып еркелікке бой бергенім – бәрі есімде. Төсегіме оранып алып, ояу жатқандай сыңай келтіргенде, анамның: “Бармай-ақ қой, дала болса саршұнақ […]

    Шоқтығы биік дүниенің жоқтығы білінбес!

    Домбыра жүрегіммен үндес едің, Өзіңмен сырласымдай тілдесемін… Бабамған қалған мұра сен болмасаң, Өмірдің не екенін білмес едім, — деп қазақтың маңдайына біткен ақыны М.Мақатаев айтқандай, балғадай сақа жұрт қазақ халқының қилы-қилы жыр-дастандары мен сан алуан ән-күйлері бізге, кейінгі ұрпаққа домбыра арқылы жеткен. “Елім дегенде, етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін” кез келген қазақ ұрпағы […]

    Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет!

    Қасиетті 362 әулиелі Маңғыстау деп халық бекерге айтпаса керек. Ия, шындығында сүрінгенде «Бекет» дейтін халық емеспіз бе? Бекет атаны танымайтын адам жоқ десем, ешкім де таң қалмас. Бекет ата Мырзағлұлы – батыр, көріпкел, ағартушы, сәулетші. Кішкентай кезінен білімге ұмтылған, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмде Пақыржан хажыда оқыды. Көпшіліктің бойында бола бермейтін ерекше көріпкелдік қасиетімен адамдарға […]