рубрика Жаңалықтар

    ҰБТ бәйгесі басталды

    1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) болады. Тест былтырдағыдай, тек айта кететіні тәртіп бұзған талапкер аудиториядан аластатылады. Алдыңғы жылы бұл шешімді Министр өкілдері мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып қабылдайтын-ды, ал биыл бекітілген ережеге сәйкес акт толтырылып Министр өкілдері өздігінен жарлық шығарады.

    «Будапештті бағындырған…»

    Маусым айының 1-4 жұлдыздары аралығында Венгрия астанасы Будапештте XXVII Халықаралық ғылыми конференция (IFUSCO-2011) болып өтті. Әртүрлі салалар бойынша оқушы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сарапқа салынды, содан жұмысы үздік деп танылып, жүлделі 2-орынды иемденген жерлесіміз Ералы Назерке Каспий мәселесін Еуропаға танытты.