Адамдар неге өтірік айтады?

    отрікХалық ішінде бір жақсы сөз бар: «ешқашан ешқашан деп айтпа». Өмір бізге ешнәрсенің кесіп айтуға келмейтінін үйретті. Кездейсоқтық дегеніміздің заңдылық екенін, заңдылық дегеніміздің кездейсоқтық болып шығатынын да көрсетті. Осы заңдылықтар мен кездейсоқтықтардың арасында жүріп адам бір күні өзінің өтірік айта алатынын да білді. Кездейсоқ білді. Бірақ ол заңдылық еді. Ең ұлы өтіріктер «Мен ешқашан өтірік айтпаймын» дегеннен басталатын секілді. Ешқашан өтірік айтпау деген әрқашан шындықты айту дегенді білдірмесе керек. Ал шындық дегеніміздің өзі не еді? Шындық туралы өтірік айтқаннан гөрі кейде өтірік туралы шындықты айтқан да жақсы. Шындық туралы шындық пен өтірік туралы өтіріктің арасалмағы шамалас екенін байқау қиын емес. Шындық туралы шындықты айтуға болады, бірақ өтірік туралы өтірік айтуға болмайды. (далее…)

    Қазақша газет неге қат?

    ГазетаКөнекөз әжем үйде бірде-бір қазақтілді газет болмаса, сыбағамызды беретін. Міне, айтқанын екі етпес үшін мен газет іздеу “саяхатымды” бастадым. Олай айтуымның себебі қазір отандық басылымдарды газет сату пунктерінен табу қиямет. Себеп – біреу. Сатушылардың сөзіне сенсек, қазақтілді газеттер саудада кіріс әкелмей, өтпей қалады-мыс.
    Ия, көшеде жүріп келе жатып жан-жағыңызға көз салсаңыз, газет сататын дүңгіршіктерден көп жаратымды ештеңе таба алмайсыз. Алыстан қарасаң, көзіңнің жауын алатын газет-журналдар. (далее…)

    Ауылдағының аузы сасық

    timatyЖылдағы әдет бойынша, биыл да бас қаланың туған күні жат жұрттықтар сайран салатын думанға айналғалы тұр. Жыл сайын «жаңа жұлдыздарды жағатын» Астана әкім-қараларының әдеті бұлжымайтын дәстүрге айналғандай. Сұрақ туады. Осындай идеяны кім айтып жүр? Қай данышпан алаштың тойы шетелдіксіз өтпесін деп үстелді ұрған? Арам да болса бір ой айтады, Президентке помпезді сөздерін аямайтын, «Астана — Петербормен пара-пар» деп жүрген пысықайлар болуы керек. Петр еуропаға аузын ашса, қазіргі Ресейдің ұлы мәдениетін қалыптастырған, театрды да, балетті де, операны да, живописьті, мүсін мектебін де әкелген сол неміс, француздар еді. Ал біздің әкімшілік әспеттеп жүрген Не Йо мен Тимати бізге қандай мәдениет әкеліп, неменеге үйретеді? Тағы бір ой айтады, бұл ең алдымен өзінің қазақ екеніне ұялатын, кеңестік комплекстерден әлі де арылмаған адамдардың ісі. Өмір бойы жалпақтап өткен, біреудің шашбауын көтермесе көңілі көншімейтін шенеуніктердің ісі бұл. «Қазақпын» деп көкіректі керіп, арқаның самалына маңдайын төсеп, бір көсілетін күнде ұшақтан түскен «ұлыларға» бәйек болып, су құюшылықтан барақат табатындардың ісі. (далее…)

    Әр сүрінгеніңді «бақыт» деп біл!

    1263169524_1Кез келген жұмыр басты пенде бақытты болуын қалайды. Бақыт әр жан үшін көкірегінде түрліше түсінікке ие: дәулет, денсаулық, жұмыс табу, кешегі ҰБТ-дан жоғарғы балл алу не жоғарғы оқу орнына түсу. Ия, жақсылықпен қатар жамандық та қатардан қалыспайтыны тағы бар. Сағымыз сынады, көңіліміз сеңдей соғылысады, аяғымыз аспаннан түседі. Бірақ кейде сәтсіздікке ұшырауымыз игі істің бастамасы екенін біле бермейміз. Тіпті бұл сөзге сенбейтіндер де жоқ емес. «Қалай сонда?» деген сұрақ туындаған шығар. (далее…)

    Көпті көрген көшенің киесі

    bomj_ket

    Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,
    Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның;
    Біреуге Аплатондай білім беріп,
    Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның…

    Үйдің жанында отырмын. Күн көлімсіреген көзінен басқа қылығын көрсетпейді. Жер жасыл кілемді жамыла бастаған кез. Шамамен мамыр айы. Сымпылдап ұшып шаңқылдаған, бұтақтан-бұтаққа қонып шатты дауыстарымен сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері, тілдері шыға қоймаған сәбилердің үні, қыздардың сықылықтаған күлкісі, балалардың бір-бірін қуысып ойнауы, үлкендердің әңгімесі – бәрі адамға деген ынтызарлықты, өмірге деген құштарлықты артыра түседі. Айналамда болып жатқан құбылыстарға бір қарап жіберіп, өзім өз ойыммен қайта арпалысып кетемін. Бұл жерде отыруымның себебі – бірге мектепке баратын досымды күтіп алушы едім. Бәрінің алдынан өткені рас. Осынау өмірдегі ең сорақысы күту болар. Сабыр сақтаудан басқа шара жоқ бұл жерде. (далее…)