Қазіргі таңда «Интернет» деген сөзді жиі естиміз. Осы интернетті қолданушылар көп және олар күннен-күнге артып келеді десек ешкім таң қалмас. Жұмыста, үйде, сондай-ақ тіпті оқу орындарында бұл сөз қолданылып жүр. Интернетті қазіргі заманда халық өзінің серігі ретінде көреді. Ал осы интернет бір сәтке өшіп қалатын болса, біздің жанымыз шығатындай, жұмыста қолымызды жіпсіз байлайтындай жағдайға түсетініміз аян. (далее…)
Мүмкін айы жеткен айында, күні жеткен күнінде…
Талқыға түскен – “теске” сөзі
Ия, тегеурінді тестің тезіне түскен біз, талапкерлер, маусым айында табанынан тік тұрамыз. Бірақ бұл мақала сынақ туралы емес.
Дөңгелектерді мұқият бояу, сұрақтар мен тапсырмаларға дұрыс жауап беру, уақытты үнемдеу – осы сөздерді күнде естиміз. Жасампаздардың уақытты үнемдеу мақсатында ойлап тапқан қаламсаптары да жоқ емес. Сөздеріне сенсек, 5 минутта 125 сұрақтың жауабын бояуға мүмкіндік бар.
Сөз жоқ, қалапсам мінсіз – қолға ыңғайлы, оның үстіне уаққытты үнемдейсің. Аты затына сай. Ал осы сыртындағы (мұқабасындағы) жазылған “теске арналған қаламсап” деген біреулерге оғаш көрінген секілді. (далее…)
Екі ойлы қылған 2012 – жалған ба, әлде ақиқат па? жалғасы (басы төменде)
Бұл ғаламдық мәселені ғалымдар жар құлағы жастыққа тимей зерделеу үстінде. Тіпті жер-жиһан халықтардың жүрегінде үрей ұялаған-ды. Жапа шеккен Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, 9 баллдық зілзала арты цунамиге ұласып, мыңдаған баспана жермен жексен болғанын әлем ақпарат құралдары жарыса жазуда. Деректерге сүйене отырып, табиғаттың тосын мінезінің себеп-салдарын анықтап көрелік. (далее…)
Екі ойлы қылған 2012 – жалған ба, әлде ақиқат па?
Қазір бұқаралық ақпарат құралдарындағы апаттар туралы естіген сайын 2012 деген құбылыс рас па деп қаласың. Көп адамды үрей билеген шығар. Бірақ сол ақырзаман болады деген қорқыныштың өзі біздің құлқымызды тиып, адамшылықтан асқан нәпсімізді тежей алар ма екен? (далее…)