1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) болады. Тест былтырдағыдай, тек айта кететіні тәртіп бұзған талапкер аудиториядан аластатылады. Алдыңғы жылы бұл шешімді Министр өкілдері мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып қабылдайтын-ды, ал биыл бекітілген ережеге сәйкес акт толтырылып Министр өкілдері өздігінен жарлық шығарады. (далее…)
ҰБТ бәйгесі басталды
Танымай, көзіміз неден ағарды?!
Бұл 1 мамырда түсірілген сурет. Бір қарағанда, көзге оғаштай болатын ештеңе жоқ. Сайт беті…Қаз қалпында… (далее…)
«Будапештті бағындырған…»
Маусым айының 1-4 жұлдыздары аралығында Венгрия астанасы Будапештте XXVII Халықаралық ғылыми конференция (IFUSCO-2011) болып өтті. Әртүрлі салалар бойынша оқушы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сарапқа салынды, содан жұмысы үздік деп танылып, жүлделі 2-орынды иемденген жерлесіміз Ералы Назерке Каспий мәселесін Еуропаға танытты. (далее…)
Шоқтығы биік дүниенің жоқтығы білінбес!
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін…
Бабамған қалған мұра сен болмасаң,
Өмірдің не екенін білмес едім, — деп қазақтың маңдайына біткен ақыны М.Мақатаев айтқандай, балғадай сақа жұрт қазақ халқының қилы-қилы жыр-дастандары мен сан алуан ән-күйлері бізге, кейінгі ұрпаққа домбыра арқылы жеткен. “Елім дегенде, етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін” кез келген қазақ ұрпағы көне саз аспабын киелі деп санап, көздің қара шығындай қадірлеп сақтайды.”Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра” дегендей, бойына қазақтың қаны сіңген һәм қазақтың сүті дарыған халқымыздың той-думаны домбырасыз өтпейтіні де хақ. (далее…)
Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет!
Қасиетті 362 әулиелі Маңғыстау деп халық бекерге айтпаса керек. Ия, шындығында сүрінгенде «Бекет» дейтін халық емеспіз бе? Бекет атаны танымайтын адам жоқ десем, ешкім де таң қалмас. Бекет ата Мырзағлұлы – батыр, көріпкел, ағартушы, сәулетші. Кішкентай кезінен білімге ұмтылған, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмде Пақыржан хажыда оқыды. Көпшіліктің бойында бола бермейтін ерекше көріпкелдік қасиетімен адамдарға қол ұшын берген. Онымен қоса халықтың қазіргі таңда да қиыншылық жағдайда «Я, Бекет!» деп жәрдем тілеуін жиі естиміз. 63 жасында қайтыс болған, аты аңызға айналған, есімі жадымызда алтын таңбамен жазылған «Бекет ата» сәулетті өнер ескерткіші Үстірттің батыс жағындағы Оғыланды жерінде орналасқан. Бұл мешіт төрт бөлмеден тұрады. Сол жерде Бекет өмір сүріп, бала оқытқан көрінеді. (далее…)