Қазір қырық күн шілде, нағыз аптап ыстықтың кезі. «Үйде салқындатқышсыз отыру мүмкін емес», дейді кіммен сөйлессеңіз де. Алайда, адам өмірінде маңызды құралға айналып бара жатқан жазда терлетпейтін, қыста тоңдырмайтын «кондиционер» деген құдіреттің пайдасымен қатар, зияны да бар ма? Осы туралы арнайы зерттеп көргенімізде оның зияны шаш етектен екенін білдік.
Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы […]
Мына бір қызықты қараңыз, мамандардың зерттеулері бойынша, Кавказ және Орта Азия елдерімен салыстырмалы түрде қарағанда еркектер мен әйелдер арасындағы өмір сүру және жас алшақтығы жөнінен Қазақстан бірінші орын алатын көрінеді. Осыған байланысты біздің елімізде зерттеу жұмыстарын жүргізген профессор Мишель Гийо Қазақстан әйелдері қазіргі уақытта еркектерге қарағанда, он жыл ұзақ өмір сүретінін дәлелдеп шыққан. Дегенмен оны […]
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Сәби зорланды» деген ақпар өзге елдерден естілсе, жағамызды ұстап, «мұнысы несі?» деп шошушы едік. Бүгіндері «кішкентай сәби зорланды» деген сөзді құлағымыз шалса елең етпейтін болдық. Себебі еліміздің түкпір-түкпірінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлау әрекеттері жиі орын алып жүр. Тек бір аптаның ішінде осындай екі қылмыс тіркелсе, екі айда 10-нан аса бала […]
Халық ішінде бір жақсы сөз бар: «ешқашан ешқашан деп айтпа». Өмір бізге ешнәрсенің кесіп айтуға келмейтінін үйретті. Кездейсоқтық дегеніміздің заңдылық екенін, заңдылық дегеніміздің кездейсоқтық болып шығатынын да көрсетті. Осы заңдылықтар мен кездейсоқтықтардың арасында жүріп адам бір күні өзінің өтірік айта алатынын да білді. Кездейсоқ білді. Бірақ ол заңдылық еді. Ең ұлы өтіріктер «Мен ешқашан өтірік […]
Көнекөз әжем үйде бірде-бір қазақтілді газет болмаса, сыбағамызды беретін. Міне, айтқанын екі етпес үшін мен газет іздеу “саяхатымды” бастадым. Олай айтуымның себебі қазір отандық басылымдарды газет сату пунктерінен табу қиямет. Себеп – біреу. Сатушылардың сөзіне сенсек, қазақтілді газеттер саудада кіріс әкелмей, өтпей қалады-мыс. Ия, көшеде жүріп келе жатып жан-жағыңызға көз салсаңыз, газет сататын дүңгіршіктерден көп […]
Жылдағы әдет бойынша, биыл да бас қаланың туған күні жат жұрттықтар сайран салатын думанға айналғалы тұр. Жыл сайын «жаңа жұлдыздарды жағатын» Астана әкім-қараларының әдеті бұлжымайтын дәстүрге айналғандай. Сұрақ туады. Осындай идеяны кім айтып жүр? Қай данышпан алаштың тойы шетелдіксіз өтпесін деп үстелді ұрған? Арам да болса бір ой айтады, Президентке помпезді сөздерін аямайтын, «Астана — […]
Кез келген жұмыр басты пенде бақытты болуын қалайды. Бақыт әр жан үшін көкірегінде түрліше түсінікке ие: дәулет, денсаулық, жұмыс табу, кешегі ҰБТ-дан жоғарғы балл алу не жоғарғы оқу орнына түсу. Ия, жақсылықпен қатар жамандық та қатардан қалыспайтыны тағы бар. Сағымыз сынады, көңіліміз сеңдей соғылысады, аяғымыз аспаннан түседі. Бірақ кейде сәтсіздікке ұшырауымыз игі істің бастамасы екенін […]
Біреуге мал мен бақты үйіп беріп, Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның; Біреуге Аплатондай білім беріп, Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның… Үйдің жанында отырмын. Күн көлімсіреген көзінен басқа қылығын көрсетпейді. Жер жасыл кілемді жамыла бастаған кез. Шамамен мамыр айы. Сымпылдап ұшып шаңқылдаған, бұтақтан-бұтаққа қонып шатты дауыстарымен сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері, тілдері шыға қоймаған […]
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарына, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке, ҚР Ақпарат және байланыс министрі А.Жұмағалиевке ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевқа
Алтын ұямызбен қоштасқалы кеше ғана, қоштастық ұстаздармен ән айтып, сәт сапар тілеп, құшақтасып түлектермен…Басынан өткен балалығыңның, шыбынсыз жаз секілді жастық шағыңның аяулы белгісі, сан қилы сұлу сезім мен сырдың үнсіз куәсі мектеп, әрине, ыстық. Ия, 25 мамыр…Тіпті, бұл санды, байқап қарасаңыз, 2 мен 5-тен құралған, яғни 2 — ең нашар, 5 — үздік. Сай келгені-ай. […]
«Жетім көрсең, жебей жүр» Екі өкпесін қолына алып, оқушы бала сабағына келе жатыр. Таңертеңгі алғашқы қоңыраудың соғылғанына біраз болды. «Өлмегенге өлі балық» демекші, қырсық шалғанда, діттеген кабинет мектеп ғимаратының арғы шетінде. Апыл-ғұпыл келе жатып, үй тапсырмасын ойша қайталап қояды. «Жету жолаушы мұраты», мінеки, керек кабинетке жетті. Есік алдында біраз ішінен күбірлеп тұрды да есік қақты. […]
«Ана алдында — құрмет!» Үй тым-тырс. Көзіме күн сәулесі түсіп тұр. Сағатқа қарасам, түскі бірдің шамасы. Соншама ұйықтағаныма жол болсын. “Сабаққа бармай, ұйықтағаным ба” дей бергенде, есіме түсті: ерте анамның оятқаны, шәй ішіп, қайта жата қалып еркелікке бой бергенім – бәрі есімде. Төсегіме оранып алып, ояу жатқандай сыңай келтіргенде, анамның: “Бармай-ақ қой, дала болса саршұнақ […]
Ата-ананың көңілі әрқашан ақ, сәбидің көңілі әрқашан пәк. Баласы анасына әрқашан сәби емес пе?! Олай болса кез келгеніміздің көкірегіміз бала жанды десек те болады. Мереке құтты болсын!
1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) болады. Тест былтырдағыдай, тек айта кететіні тәртіп бұзған талапкер аудиториядан аластатылады. Алдыңғы жылы бұл шешімді Министр өкілдері мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып қабылдайтын-ды, ал биыл бекітілген ережеге сәйкес акт толтырылып Министр өкілдері өздігінен жарлық шығарады.
Бұл 1 мамырда түсірілген сурет. Бір қарағанда, көзге оғаштай болатын ештеңе жоқ. Сайт беті…Қаз қалпында…
Маусым айының 1-4 жұлдыздары аралығында Венгрия астанасы Будапештте XXVII Халықаралық ғылыми конференция (IFUSCO-2011) болып өтті. Әртүрлі салалар бойынша оқушы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сарапқа салынды, содан жұмысы үздік деп танылып, жүлделі 2-орынды иемденген жерлесіміз Ералы Назерке Каспий мәселесін Еуропаға танытты.
Домбыра жүрегіммен үндес едің, Өзіңмен сырласымдай тілдесемін… Бабамған қалған мұра сен болмасаң, Өмірдің не екенін білмес едім, — деп қазақтың маңдайына біткен ақыны М.Мақатаев айтқандай, балғадай сақа жұрт қазақ халқының қилы-қилы жыр-дастандары мен сан алуан ән-күйлері бізге, кейінгі ұрпаққа домбыра арқылы жеткен. “Елім дегенде, етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін” кез келген қазақ ұрпағы […]
Қасиетті 362 әулиелі Маңғыстау деп халық бекерге айтпаса керек. Ия, шындығында сүрінгенде «Бекет» дейтін халық емеспіз бе? Бекет атаны танымайтын адам жоқ десем, ешкім де таң қалмас. Бекет ата Мырзағлұлы – батыр, көріпкел, ағартушы, сәулетші. Кішкентай кезінен білімге ұмтылған, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмде Пақыржан хажыда оқыды. Көпшіліктің бойында бола бермейтін ерекше көріпкелдік қасиетімен адамдарға […]