Бұл ғаламдық мәселені ғалымдар жар құлағы жастыққа тимей зерделеу үстінде. Тіпті жер-жиһан халықтардың жүрегінде үрей ұялаған-ды. Жапа шеккен Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, 9 баллдық зілзала арты цунамиге ұласып, мыңдаған баспана жермен жексен болғанын әлем ақпарат құралдары жарыса жазуда. Деректерге сүйене отырып, табиғаттың тосын мінезінің себеп-салдарын анықтап көрелік.
Талай жандардың өмірін әкетті, АЭС жарылды, қауіпті радиация ауаға ұшты – осылардың бәрінен жайдарлы Жапония жұртының жүзі жабырқаңқы. Жер сілкінісі тектен-тек болмағанға ұқсайды, оған себепші — айдың перегейі. 18 жылда бір рет болып тұратын бұл құбылыс өзімен бірге орны толмас қопарылыс әкеледі-міс. Маман иелері келешекте көптеген өзгерістер болатынын ескертіп, сәуегейлік танытты. Апаттың белгілері деп, жақтаушылардың сөзіне сенуге толық негіз болғандай. “Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ” пікір екіге жарылды. Өршіл ойлы оптимистер өкілі “жалған” деп, олар көріпкел Ванганың болашақты болжаған сөздерін алға тартып отыр. Вангелья Гуштерова 2011 ж солтүстік жарты шарды қауіпті радиация “жаулайды” деп жазған. Шыны керек, метеорологтардың хабарлауынша, күншығыс елінен соққан жел Солтүстік Америкаға қарай бағыт алған. Қуантарлығы оның сөзіне сенер болсақ, ақырзаман 5079 жылы болады-мыс.
P.S. Американдықтар атақты қыркүйек оқиғасы болған күнмен (11.09.2001) жапон елінде болған кешегі зілзала (10.03.2011) болған күнді қосқанда 21.12.2012 деген сан шығады, осыны естігенде құйқа тамырымыз шымырлағаны рас. Факттерге назар аударған жөн. Дегенмен жақсы айтты деп сүйінуге, жаман айтты деп күйінуге болмайды. Құдайлап қуырдақ, Аллалап ас жеген халықпыз ғой, тәңірге табынып, тәубемізді ұмытпасақ игі.
Қайырбек Жәйлібекұлы,
Ақтау қаласы
Оставить комментарий