Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,
Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның;
Біреуге Аплатондай білім беріп,
Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның…
Үйдің жанында отырмын. Күн көлімсіреген көзінен басқа қылығын көрсетпейді. Жер жасыл кілемді жамыла бастаған кез. Шамамен мамыр айы. Сымпылдап ұшып шаңқылдаған, бұтақтан-бұтаққа қонып шатты дауыстарымен сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері, тілдері шыға қоймаған сәбилердің үні, қыздардың сықылықтаған күлкісі, балалардың бір-бірін қуысып ойнауы, үлкендердің әңгімесі – бәрі адамға деген ынтызарлықты, өмірге деген құштарлықты артыра түседі. Айналамда болып жатқан құбылыстарға бір қарап жіберіп, өзім өз ойыммен қайта арпалысып кетемін. Бұл жерде отыруымның себебі – бірге мектепке баратын досымды күтіп алушы едім. Бәрінің алдынан өткені рас. Осынау өмірдегі ең сорақысы күту болар. Сабыр сақтаудан басқа шара жоқ бұл жерде.
Отырған жерімнің қасында көлік жолы бар. Бұл да бір өзінше экран. Келген көліктерге қарап, іштей қызығып, көз сатып…он ойға шомылып кетесің. Жуанның жіңішкіреп, жіңішкенің үзілер шағы болғандықтан, коммуналдық қызметкерлер өз жұыстарына, көгалдандыру жұмысына кіріскен-ді. Солардың бірі алдымдағы ақ сақалды қарияға көңілім ауды. Басында бір тал шашы бар, ақ шаш өңді, құлағына қарасаң күн көрінетін жүдеу, қапырық ыстықта аяғында етік, үстінде қабат-қабат киімі бар қартты көргенде, жай көре қою аз, жұмыс жасап, күрекпен қазып, шлангаларды ана жерден мына жерге жылжып жүрген қарияны көргенде, жаным құлазып кетті. “Ата, көмектесейін ба?”-дедім шыдамай тұрып бара жатып, ол қолын бұлғап менің қасыма кеп сөйлей бастады:
— Е, балам, оқуға бара жатырсың ба?!
— Ия
— Дұрыс, дұрыс,оқы! “Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар” деген бар.
Сөзін саралап, байқап қарасаңыз, өзі салиқалы, салмақты екен. “Аталы сөзге арсыз ғана таласады” деп, атаның сөзін бөлмей тыңдап, “ия” деген басымды шайқап, үндемей отыра бердім.
— Біздің жөніміз бөлек. Кезінде оқымағанбыз. Оқуыңды қандай жағдай болса да тастамауды оңғар. Абайды танисың ба? Ол былай деген: “Биік мансап – биік жартас. Оған өрмелеп жылан да шығады, қалықтап қыран да шығады”. Сондықтан алға қойғаныңа еш аялдамай, көздегеніңе көп бөгелмей жетуге тырыс. Ал біздің күніміз…бүгін бар, ертең жоқ. Біз де кежегемізді кейінге тартпағанда, бәлки, министр, бәлки Президент те болар едік! – деп жымиып қоя берді.
Әңгіме жол қысқартпаушы ма еді?! Күтіп отырған досым да келіп, мектепке беттедік. Атам ды ес білгелі көрмегесін ба, атамен арадағы сырласу һәм сөйлесу ерекше күшке тең. Біз көшедегі осы секілді жандарға атүсті қарап кете беретініміз жасырын емес. Олар да адам!
Сүйсінесің айтқандарына, бірақ кетуге мәжбүр болдым.
Көпті көрген көшенің киесі
11 июня 2011 2:03, Admin:
Оставить комментарий