Кез келген жұмыр басты пенде бақытты болуын қалайды. Бақыт әр жан үшін көкірегінде түрліше түсінікке ие: дәулет, денсаулық, жұмыс табу, кешегі ҰБТ-дан жоғарғы балл алу не жоғарғы оқу орнына түсу. Ия, жақсылықпен қатар жамандық та қатардан қалыспайтыны тағы бар. Сағымыз сынады, көңіліміз сеңдей соғылысады, аяғымыз аспаннан түседі. Бірақ кейде сәтсіздікке ұшырауымыз игі істің бастамасы екенін […]