Алтын ұямызбен қоштасқалы кеше ғана, қоштастық ұстаздармен ән айтып, сәт сапар тілеп, құшақтасып түлектермен…Басынан өткен балалығыңның, шыбынсыз жаз секілді жастық шағыңның аяулы белгісі, сан қилы сұлу сезім мен сырдың үнсіз куәсі мектеп, әрине, ыстық. Ия, 25 мамыр…Тіпті, бұл санды, байқап қарасаңыз, 2 мен 5-тен құралған, яғни 2 — ең нашар, 5 — үздік. Сай келгені-ай. «Бұл күн енді қайталанбайды» деп айқаладық та шуладық. Осыменен «анау былай айқалады, ұрандады, бүйтіп жатыр» деп өзге мектептермен де жарысқанбыз. 25 мамыр — соңғы қоңырау. Осы орайда менде кейбір сұрақтар туындаған-ды. Соны ортаға сала отсам…
Неге соңғы қоңырау? Мектептен соң, университет атаулысы бар. Сол университетте сабаққа кірудің не шығудың белгісі қоңырау болмағаны ма?! Бұл күн енді неге қайталанбайды? Со университетті де бір күні бітіреміз, онда осындай «той-домалақтар» болмайды ма?!
Неліктен «қош бол мектебім» /»школа,школа»,»Последний звонок»/ тек осы мектеп іргесіне арналған? Шыны керек, университетке арналған ешқандай өлең не әнді естімеппін.
Мектеп ыстық деп талай жерден естиміз де көреміз. Университет суық болғаны ма?!
Ата-анамыздың да айтатыны тек мектептегі оқиғалары/барлығында солай шығар/…Мектеп қабырғасындағы қызықты сәттерін ғана айтып бере алады. Ал универдегі еміс-еміс қана…
Ия, растаймын, мектеп балғын бүлдіршін кезімізде құшақ жая қарсы алды. Әріп-таңбаларды үйретті. «Ақ жүрген азбас» деп сауатымызды ашты. 11 жыл оқыдық.
Буквы разные писать
Тонким перышком в тетрадь
Учат в школе учат в школе учат в школе
Вычитать и умножать
Малышей не обижать
Учат в школе учат в школе учат в школе,- деген де әндетіліп, еріксіз тілге оралады. Дегенмен бұ да балабақшамен қоштасқанмен тең болғаны ғой. Онда университет те дәл сондай. Еш өзгеріс болмайды. Тек бұл оқу орнына неғұрлым есті болып барамыз.
Ал жоғарыда, ең басында, айтқан сөздеріме назар аудартсаңыз, универ бір аждаһа тәрізді. Құдды бір ештеңеге үйретпейтіндей, адам ағзасына «залалын тигізер» удай. Мойнымызға шынжыр, аяғымызға кісен тәрізді. Осылайша түлектерді, оқуға түсушілерді үркітудің қажеті жоқ. Жоғары айтып өткен көкейімдегі сауалдарға нақты жауап таба алмадым. Менің ойымша, мектеп — өсу, универ — өмір мектебі.
Мәңгілік мектеп немесе удай университет?
3 июня 2011 22:51, Admin:
Оставить комментарий