«Будапештті бағындырған…»

    P1030450 - копияМаусым айының 1-4 жұлдыздары аралығында Венгрия астанасы Будапештте XXVII Халықаралық ғылыми конференция (IFUSCO-2011) болып өтті. Әртүрлі салалар бойынша оқушы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сарапқа салынды, содан жұмысы үздік деп танылып, жүлделі 2-орынды иемденген жерлесіміз Ералы Назерке Каспий мәселесін Еуропаға танытты. Каспийдің экологиясы — жобасының басты тақырыбы. Зерттеу жүргізу үстінде, сөзіне сенер болсақ, кәрі Каспийге алаңдаушылығын білдірген қыз өзін де «құрбан» қылыпты. Теңіз суын қолына тигізіп, оны сараптамаға жолдаған. Міне ғажап, сараптама қорытындысы адам ағзасына, тіпті тірі организмге залалын тигізетінін анықтаған.
    «Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» деген нақыл сөз рас екен. Ұшақтан түскесін, алдымен «мама» деп анамды құшақтадым., туыстарымды, туған жерімді сағындым!»-дейді Назерке. Ақтау қаласынан тікелей Будапештке ұшақ рейсі жоқ, сондықтан бірнеше жерлерге,Астанаға,Германияға, ат басын тіреуге мәжбүр болды. Астанадан 50 оқушымен жолға шығып, Еуропаға «саяхатын» бастаған. Зәулім ескі ғимараттар, әсіресе олардың әлі күнге дейін қалай құламай тұрғанына таңданысын жасыра алмады. «Сыпайы халық кім десеңіз, нағыз солар!»-дейді өз сөзінде. Бірақ елге ораларда ол сөзінен айнып қалғанға ұқсайды. Не деген патриотизм десеңізші, кетерде «Қазақстан» деп атойлатып кетіп бара жатқанда, «Борат» деп сөз қайтарғандар оның өзегін өртеген.
    Каспийдің экологиясы ғаламдық проблеманың ажырамас бөлігі ретінде тайға таңба басқандай көрсеткен болашақ экологтың жобасыүлкен істің бастамасы болатынына сеніміз мол!
    Жарайсың, Назерке. Мерейің үстем болсын!

    Оставить комментарий