1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) болады. Тест былтырдағыдай, тек айта кететіні тәртіп бұзған талапкер аудиториядан аластатылады. Алдыңғы жылы бұл шешімді Министр өкілдері мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып қабылдайтын-ды, ал биыл бекітілген ережеге сәйкес акт толтырылып Министр өкілдері өздігінен жарлық шығарады.
ЖОО түсуші талапкер ҰБТ-дан немесе кешенді тестілеуден кем дегенде 50 балл, ал «жалпы медицина» мамандығы бойынша 55 балл жинауы тиіс.
Сондай-ақ бейіндік пәннен — 7 балл(әр шығармашылық емтиханнан 10 баллдан), ал қалған пәндерден 4 баллдан асуы міндетті.
Биылғы бәйгенің басты жаңалығы — математика, физика, химия пәндерінен өзге тест сұрақтарының деңгейлері (жеңіл,орташа,қиын) өзгеріске ұшырауы.
Тест бес пәннен құралған: қазақ не орыс тілі (оқу тіліне орай), математика, қазақстан тарихы, орыс тілі қазақ бөлімдері үшін және қазақ тілі орыс бөлімдері үшін, бесінші пән — болашақ мамандығына сәйкес таңдау пәні.
Әр сабақтан — 25 сұрақ, барлығы — 125 сұрақ!
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, ҰБТ тапсырушылар саны — 129 471, ал тапсыру пунктерінің саны республика бойынша — 154. Ұялы телефондардың байланысын тұншықтырғыштар еліміздің кейбір ЖОО-да қолданылады, олардың саны — 14
Оставить комментарий