Архив 1 июня 2011

    Өзекті өртеген “өкініш” әңгімесі

    «Ана алдында — құрмет!» Үй тым-тырс. Көзіме күн сәулесі түсіп тұр. Сағатқа қарасам, түскі бірдің шамасы. Соншама ұйықтағаныма жол болсын. “Сабаққа бармай, ұйықтағаным ба” дей бергенде, есіме түсті: ерте анамның оятқаны, шәй ішіп, қайта жата қалып еркелікке бой бергенім – бәрі есімде. Төсегіме оранып алып, ояу жатқандай сыңай келтіргенде, анамның: “Бармай-ақ қой, дала болса саршұнақ […]

    1 мамыр — балаларды қорғау күні!

    Ата-ананың көңілі әрқашан ақ, сәбидің көңілі әрқашан пәк. Баласы анасына әрқашан сәби емес пе?! Олай болса кез келгеніміздің көкірегіміз бала жанды десек те болады. Мереке құтты болсын!

    ҰБТ бәйгесі басталды

    1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) болады. Тест былтырдағыдай, тек айта кететіні тәртіп бұзған талапкер аудиториядан аластатылады. Алдыңғы жылы бұл шешімді Министр өкілдері мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып қабылдайтын-ды, ал биыл бекітілген ережеге сәйкес акт толтырылып Министр өкілдері өздігінен жарлық шығарады.

    Танымай, көзіміз неден ағарды?!

    Бұл 1 мамырда түсірілген сурет. Бір қарағанда, көзге оғаштай болатын ештеңе жоқ. Сайт беті…Қаз қалпында…

    «Будапештті бағындырған…»

    Маусым айының 1-4 жұлдыздары аралығында Венгрия астанасы Будапештте XXVII Халықаралық ғылыми конференция (IFUSCO-2011) болып өтті. Әртүрлі салалар бойынша оқушы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сарапқа салынды, содан жұмысы үздік деп танылып, жүлделі 2-орынды иемденген жерлесіміз Ералы Назерке Каспий мәселесін Еуропаға танытты.

    Шоқтығы биік дүниенің жоқтығы білінбес!

    Домбыра жүрегіммен үндес едің, Өзіңмен сырласымдай тілдесемін… Бабамған қалған мұра сен болмасаң, Өмірдің не екенін білмес едім, — деп қазақтың маңдайына біткен ақыны М.Мақатаев айтқандай, балғадай сақа жұрт қазақ халқының қилы-қилы жыр-дастандары мен сан алуан ән-күйлері бізге, кейінгі ұрпаққа домбыра арқылы жеткен. “Елім дегенде, етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін” кез келген қазақ ұрпағы […]

    Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет!

    Қасиетті 362 әулиелі Маңғыстау деп халық бекерге айтпаса керек. Ия, шындығында сүрінгенде «Бекет» дейтін халық емеспіз бе? Бекет атаны танымайтын адам жоқ десем, ешкім де таң қалмас. Бекет ата Мырзағлұлы – батыр, көріпкел, ағартушы, сәулетші. Кішкентай кезінен білімге ұмтылған, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмде Пақыржан хажыда оқыды. Көпшіліктің бойында бола бермейтін ерекше көріпкелдік қасиетімен адамдарға […]