Қазір бұқаралық ақпарат құралдарындағы апаттар туралы естіген сайын 2012 деген құбылыс рас па деп қаласың. Көп адамды үрей билеген шығар. Бірақ сол ақырзаман болады деген қорқыныштың өзі біздің құлқымызды тиып, адамшылықтан асқан нәпсімізді тежей алар ма екен?
Бұл мәселенің өрбуіне Майя күнтізбесі, аспан жүйесіндегі планеталардың жағдайының өзгеріске ұшырауы «мұрындық» болған. Майялықтардың болжамы бойынша ақырзаман 2012 жылдың желтоқсан айының 21 жұлдызында болады екен. Және тағы бір деректер аспан жүйесінің жағдайы төрт планетаның бір сызыққа тізілуі мен күн жүйесінің галлактика орталығынан өтуі 2012 жылдың желтоқсан айында болады дейді. Онда Жер мен Нибиру ғаламшары соқтығысып, жер планетасы жойылады делінген. Осындай жаңалықтар үдеген сайын сенсация іздеген киногерлер «2012» атты көркем фильм түсіріп, жұртты бір үркітіп қойды. «Columbia Pictures» ұсынған фильм ақырзаманды болдырып тастайды.
«Қойшы, кім не демейді?» дейін десең, айтылған болжамдар, тұспалдар ретімен болып жатқан сияқты көрінеді. Ағымдағы жылы Чилиде 6,7,8, тіпті 9 баллдық жер сілкінді. Ганадағы апат, Ресейдегі өрт. Саяси толқулар, Күнде құлап жатқан ұшақтар. Еуропаның бір ұшағын тыпыр еткізбеген Ирландия вулканы. Айта берсең, бір жылдың ішінде санауға саусағыңыз жетпей қалатын жағдай жетеді. Алыс-алыс елдерді айтпай-ақ өз отанымызда болған кешегі қыстың өзі талай жанның жанын қысқаны анық. Қаншама адам қаза тапты. Қырылған малда есеп жоқ. Құрық ұстап қалған қанша отбасы бар.
Ақырзаман жұма күні болады деген бір сөз бар еді. Маялықтардың күнтізбесіндегі ақырзаман, яғни 21.12.2012 жыл қасиетті жұмаға сай келеді екен. Ақырзаман дәл сол күні болар-болмас, оны бір Жаратушы ғана біледі. Ең бастысы әлем болып жаппай өлімді ойлап жатқанда, тәубені де ұмытпасақ екен деген ой айтқым келеді.
Қайырбек Жәйлібекұлы,
Ақтау қаласы
ushqiyan.kz
Оставить комментарий