Талқыға түскен – “теске” сөзі

    Ия, тегеурінді тестің тезіне түскен біз, талапкерлер, маусым айында табанынан тік тұрамыз. Бірақ бұл мақала сынақ туралы емес.
    Дөңгелектерді мұқият бояу, сұрақтар мен тапсырмаларға дұрыс жауап беру, уақытты үнемдеу – осы сөздерді күнде естиміз. Жасампаздардың уақытты үнемдеу мақсатында ойлап тапқан қаламсаптары да жоқ емес. Сөздеріне сенсек, 5 минутта 125 сұрақтың жауабын бояуға мүмкіндік бар.
    Сөз жоқ, қалапсам мінсіз – қолға ыңғайлы, оның үстіне уаққытты үнемдейсің. Аты затына сай. Ал осы сыртындағы (мұқабасындағы) жазылған “теске арналған қаламсап” деген біреулерге оғаш көрінген секілді. “Оқымыстылардың” басымы “тест — түбір сөз, оған барыс септік (-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не) жалғауы жалғанғанда, бұл сөз тестке болады” дегенді алға тартады. Тіпті кейбіреулер “жағымсыз естіледі” деп морт кетті. Көпке топырақ шашпайын,- осы сықылды сыни көзқарастар үстем болды. Ойлап тапқыштардың бұл қателік үшін кешірім сұрағандары да бар.
    “Білгенге – маржан, білмеске — арзан”, ереже мынаған саяды: орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. Олай болса: тест+ке – теске.
    Тіл ережесі де – заң. Заң барлығына ортақ, оған бағынымуымыз тиіс.

    Қайырбек Жәйлібекұлы,
    Ақтау қаласы

    Оставить комментарий