Қазіргі таңда «Интернет» деген сөзді жиі естиміз. Осы интернетті қолданушылар көп және олар күннен-күнге артып келеді десек ешкім таң қалмас. Жұмыста, үйде, сондай-ақ тіпті оқу орындарында бұл сөз қолданылып жүр. Интернетті қазіргі заманда халық өзінің серігі ретінде көреді. Ал осы интернет бір сәтке өшіп қалатын болса, біздің жанымыз шығатындай, жұмыста қолымызды жіпсіз байлайтындай жағдайға түсетініміз аян.
Еліміздің халқының көбі қолданып жүрген mail.ru әлеуметтік жүйесінде тіркелгендер баршалық. Статистикалық мәлімет бойынша, олардың саны 2,5 млн адамға жеткен. Хаттарды пошта арқылы жіберіп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынаста болу мақсатында әлеуметтік жүйенің ұсынған «М Агент» атты бағдарламасы бар.
М Агент – барлығына мәлім mail.ru веб-қызмет поштасының ұсынуымен шығарылған интернет-пейджер.Бұл бағдарлама арқылы адам баласы тек қарым-қатынаста болып қана қоймай, әңгімелесушімен тілдесе отырып көңіл күйіңнің қандай екенін көрсететін белгілер (смайлик), тіпті видео соғу арқылы сұхбаттасуға болады!
Осы интернет арқылы кейбір ғашықтар танысып, кездесіп жүргендерде бар, кездесіпте қана қоймай, отау құрып жатқандарда мәлім. Олар қазір таңда қол саусақтарымен санауға да келмес. Дамир мен Жадыра сондай жандардың қатарына кіреді. Олар алғаш танысқан күндерін есіне түсіріп күліп те қояды. «Осыдан 1 жылдай бұрын интернет жүйесі арқылы танысып кездестік, бірақ бір-бірімізге ғашық боламыз дегенді үш ұйықтасам да түсіме кірмейтін нәрсе ғой?!»-дейді Айнагүл әлі күнге дейін бұл ғажапқа сенбей: «Өз басым ондайға сенбейтінмін, бірақ өмірде бәрі кездеседі екен!»
Ал Гүлнәр апай болса, Интернет жүйесі арқылы бұрынғы сыныптастарын тапқанына екі езуі көкке жеттіп мәз-мейрам! Интернетке жастар көбінесе ұялы телефондарымен сабақ үстінде, үйде, далада да кіреді. Жастар: «Интернетке бір күн кірмесек отыра алмаймыз, интернет — өміріміздің бір бөлшегі, былайша айтқанда нашақор сияқты,»-дейді
«Жаман айтпай жақсы жоқ» деген сөзі бар дана халқымыздың. Ғаламтор арқылы адамдар танысу сайттарынан зардап шеккендер де мардымды, ол туралы күнделікті өмірде, көгілдір теледидардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) жиі естиміз. Жігіттер бастары бос бойжеткендерімен танысып, оларға зорлық-зомбылық жасауы, мұның салдарынан тіпті бұл өмірден қоштасқандарда бар деген ақиқат. Осыдан келіп интернет махаббатқа, интернет ғашықтыққа сену екіталай.
Интернеттің адам баласына берер пайдасы мен зияны тең бірдей. Пайдасы оны-мұны іздегенде, бір тақырып аясында толығырақ ақпарат іздегенде, әсіресе, оқу орнының оқушылары үшін көмекші болады. Зияны, әрбір баланың дұрыс дамуына, дұрыс жолға түсуіне кедергі жасайды, күн ұзағына әй дейтін әжесі, кой дейтін қожасы жоқ жандардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, қазақша сайттарға сұраныс арттыру – депуттардың дөңгелек үстел басында отырып қозғайтын бірден-бір мәселе. Еліміздегі интернет жүйесін қолданушылар тек 3-4 пайызы қазақ тіліндегі сайттарға жүгінеді екен. ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Қазақстан интернет қауымдастығы бұл мәселені шешу үстінде. «Айда аяқ, жылда жілік жоқ» дегендей, ә дегенше биыл Қазақстанның интернетті қолданылып жүргеніне 16 жыл толып қалыпты. Кейбір деректерге көз салсақ, осыдан 10 жыл бұрын қазақша сайттардың саны 400-дей болса, қазіргі таңда мыңнан асады. Айтса айтқандай, дей тұрғанмен интернетті көлемі жағынан ұшан-теңіз, кең байтақ еліміздің қолданылып жүргеніне көп болғанымен де, көптеген жиындар жүргізіліп жатса да, қазақ сайттарын көбейетіндігіне, «оны еліміздің барлық тұрғынындары қолдана ма?!» деген сұраққа нақты жауап жоқ.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, Интернет-ХХІ ғасыр көшбасшысы,
тіршілік көзіне айналуыда ғажап емес!
Мүмкін айы жеткен айында, күні жеткен күнінде…
31 мая 2011 23:59, Admin:
Оставить комментарий