Құрма жайлы не білеміз ?

    finikiҚұрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

    (далее…)

    Жаһандағы барша мұсылман ынтыға күтіп, ауыз бекітіп, жаман әдеттерден тыйылатын айлардың сұлтаны Рамазан айы ертен басталады! Жаманды жасырып, жақсыны асыруға тырысайық! Оразаларың қабыл болып, ниеттерің лайым періште құлағына шалынсын! Кестелер muftyat.kz сайтында

    aktau

    «Кондиционер» адам өлтіреді ме?

    cond-montazhҚазір қырық күн шілде, нағыз аптап ыстықтың кезі. «Үйде салқындатқышсыз отыру мүмкін емес», дейді кіммен сөйлессеңіз де. Алайда, адам өмірінде маңызды құралға айналып бара жатқан жазда терлетпейтін, қыста тоңдырмайтын «кондиционер» деген құдіреттің пайдасымен қатар, зияны да бар ма? Осы туралы арнайы зерттеп көргенімізде оның зияны шаш етектен екенін білдік. (далее…)

    Еркектер неге аз өмір сүреді?

    8-bet-erkekterМына бір қызықты қараңыз, мамандардың зерттеулері бойынша, Кавказ және Орта Азия елдерімен салыстырмалы түрде қарағанда еркектер мен әйелдер арасындағы өмір сүру және жас алшақтығы жөнінен Қазақстан бірінші орын алатын көрінеді.
    Осыған байланысты біздің елімізде зерттеу жұмыстарын жүргізген профессор Мишель Гийо Қазақстан әйелдері қазіргі уақытта еркектерге қарағанда, он жыл ұзақ өмір сүретінін дәлелдеп шыққан. Дегенмен оны таңдандыратын жайттар да баршылық екен. (далее…)

    «Сәбиқұмарларға» «химиялық сүндеттеу» әдісін қолдану керек пе?

    1-bet-sabikumarОсыдан бірнеше жыл бұрын «Сәби зорланды» деген ақпар өзге елдерден естілсе, жағамызды ұстап, «мұнысы несі?» деп шошушы едік. Бүгіндері «кішкентай сәби зорланды» деген сөзді құлағымыз шалса елең етпейтін болдық. Себебі еліміздің түкпір-түкпірінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлау әрекеттері жиі орын алып жүр. Тек бір аптаның ішінде осындай екі қылмыс тіркелсе, екі айда 10-нан аса бала «сәбиқұмар» жауыздардың құрбанына айналды. (далее…)